Жағажай волейболынан Қазақстаннның жастар құрамасы U19 арасындағы әлем чемпионатына дайындалып жатыр

27 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Қытайда жағажай волейболынан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Турнирдің басты сайысына жалпы саны 32 команда, яғни әр жыныстан әрқайсысында 4 қатысушыдан тұратын 8 топ қатысады.

Жағажай волейболынан Қазақстанның жастар құрамасы “Алматы” Олимпиадалық даярлау орталығында алдағы әлем чемпионатына қызу дайындық өткізуде. Жас спортшыларымыз турнирде жақсы нәтиже көрсетіп, өз бабында болу үшін қарқынды жаттығып жатыр.

Добавить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Обязательные поля помечены *