Олимпиадалық даярлау орталығында жеңіл атлетикадан ардагерлер және әуесқойлар арасында ҚР чемпионат өтеді

«Алматы» Олимпиадалық даярлау орталығында 5-7 шілдесі аралығында ардагерлер және жеңіл атлетикадан әуесқойлар арасында ҚР чемпионаты өтеді. Жарысқа облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 200-ден астам спортшы қатысады. Айта кетейік, 18-25 жас санатындағы ерлер мен әйелдер, 26-34, 35-39, 40-44, 45-49, 50-54, 55-59, 60-64, 65-69, 70-74, 75-79, 80 және одан жоғары жастағылар бақ сынайды.

Техникалық іс-шаралар: ұзындыққа секіру, үш қарғып секіру, биіктікке секіру, ядро лақтыру, найза лақтыру, диск, балға, салмақ лақтыру.

Добавить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Обязательные поля помечены *