«Азия балалары»: Құзға өрмелеуден жасөспірімдер «алтын» және «қола» медаль ұтып алды

Якутск қаласында өтіп жатқан VIII жазғы «Азия балалары» ойындарында Қазақстан қоржынына алтын және қола медаль түсті.

Олимпиадалық даярлау орталығының спортшысы Роман Курасов құзға өрмелеудің жылдамдық санатында чемпион атанды. Ал қыздар арасында Арина Новицкая 3-орынды жеңіп алды.

Айта кетейік, "Азия балалары" ойындарына елімізден 19 спорт түрінен 200 спортшы, 54 жаттықтырушы, 6 төреші барды.

Добавить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Обязательные поля помечены *