Нысана көздеуден ҚР чемпионаты: Париж олимпиадасына лицензия ұтып алған спортшылар қатысады

«Алматы» Олимпиадалық даярлау орталығында шілденің 3-9 аралығында нысана көздеуден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Жарысқа еліміздің 9 өңірінен 170 спортшы қатысады. Атап айтқанда, Алматы, Шымкент және Астана қаласы, Павлодар облысы, Алматы облысы, Жамбыл облысы, Қарағанды облысы, Батыс-Қазақстан және Қостанай облыстарынан спортшылар келеді. ҚР чемпионатында 15 жаттығу орындалады. Оның 12-сі жеке болса, қалған 3-уі аралас командалық болмақ.

Айта кетейік, нысана көздеу тек швейцариялық компанияның электронды жүйесінде жүзеге асырылады. Ал төрелікті ISSF халықаралық ережелеріне сәйкес Халықаралық санаттағы судьялар жүзеге асырады.

Добавить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Обязательные поля помечены *