Дмитрий Панарин Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қызу дайындық үстінде

Қазақстаннан алғаш рет бадмитоннан Олимпиада лицензиясын алған Дмитрий Панарин қазіргі таңда Малайзияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Ол бадминтоннан ТМД елдерінің ойындарында үздік үштікке кірген.

Дмитрий Панарин - «Алматы» Олимпиадалық даярлау орталығының спортшысы.

Айта кетсек, Дмитрий олимпиадалық рейтингте 25005 ұпаймен 31-орынға тұрақтаған. Сондай-ақ, Қазақстан командалық есепте алғашқы 25 елдің қатарына кірді. Ал Париж Олимпиадасының басталуына 10 күн қалды.

Добавить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Обязательные поля помечены *