27 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Қытайда жағажай волейболынан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Турнирдің басты сайысына жалпы саны 32 команда, яғни әр жыныстан әрқайсысында 4 қатысушыдан тұратын 8 топ қатысады.
Жағажай волейболынан Қазақстанның жастар құрамасы “Алматы” Олимпиадалық даярлау орталығында алдағы әлем чемпионатына қызу дайындық өткізуде. Жас спортшыларымыз турнирде жақсы нәтиже көрсетіп, өз бабында болу үшін қарқынды жаттығып жатыр.