«Алматы» олимпиадалық дайындық орталығының боксшылары Астанада өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында ел қоржынына 30-дан астам медаль салды

Астанада жасөспірімдер мен жастар арасында бокстан Азия чемпионатының бірінші финалдық күні өтті. Олимпиада қалашығының спортшылары 13 алтын, 10 күміс және 13 қола медальды жеңіп алды.

Азия біріншілігінің үздік боксшысы номинациясы бойынша боксшы Төрехан Сабырхан жүлдеге ие болды. Ол 2023 жылы Азия чемпионатында Үнді Яшвардхан Сингхпен финалдық жекпе-жек өткізіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті — 30-27, 30-26, 30-27, 30-26, 30-27.

Қыздар арасында Азия біріншілігінің үздік боксшысы номинациясы бойынша Аяжан Сыдық (54 кг) жүлдеге ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, 23 қазан мен 4 қараша аралығында өткен турнирде 23 мемлекеттің ішінен 12 мемлекеттің спортшысы жүлдегерлер қатарынан көрінді. Турнир жүлдегерлері (1 орын — 1000$, 2 орын - 500$, 3 орын — 250$) ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Добавить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Обязательные поля помечены *