Бокстан 2023 жылғы Әлем чемпионатының нәтижелері

Ереванда жасөспірімдер арасындағы бокстан 2023 жылғы Әлем чемпионаты (U16) аяқталды. 28 қараша мен 4 желтоқсан аралығында Армения астанасында өткен спорттық іс-шарада 51 елдің боксшылары 26 марапаттар жиынтығын ортаға салды. Қазақстан құрамасы ұлдар мен қыздар арасында 13 салмақ дәрежесінде 26 спортшымен қатысты. Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша біздің жас боксшылар командалық есепте 4-орынға ие болды. Біздің құрама қоржынында 10 марапат бар: 4 алтын және 6 қола медаль:

1 орын - Нұрасыл Түлебек 1 орын - Аяжан Сыдық 1 орын - Толғанай Қасымхан 1 орын - Айсұлу Мұхит 3 орын - Нығман Нығмет 3 орын - Сила Биболсынқызы 3 орын - Гаухар Зарден 3 орын - Айша Сарыева 3 орын - Алина Кұдагенова 3 орын - Кұралай Егінбайқызы

Жас спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымызды әлем чемпионатының нәтижелі аяқталуымен құттықтаймыз және одан әрі жеңістер тілейміз.

Добавить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Обязательные поля помечены *