Алматыда семсерлесуден Азия жастар чемпионаты өтті. Қазақстан командасы онда бес медальмен марапатталды

АЧ-на 17 елден 200-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан екі «күміс» және үш «қола» жеңіп алды. Тұғырдың екінші сатысына семсермен семсерлесуден ерлер мен әйелдер командалары көтерілді.

Ерлерде: Александр Савин, Кирилл Павлов, Александр Федотов және Никита Жулинский өнер көрсетті. Әйелдер құрамын София Николайчук, Владислава Андреева, Александра Тамбовцева және Каролина Фомина ұсынды. Александр Федотов семсермен семсерлесуден жекелей жарыстардың қола жүлдегері атанды.

Қылышпен семсерлесуден ерлер мен әйелдер командалары үшінші орынға орнықты. Марапат иегерлері қатарында: Қайша Жәнібек, Полина Ко, Диляра Исабекова, Әдемі Серікбай, Нұрмұхамед Жайлыбай, Қайназар Нұрқатұлы, Артур Чупраков және Қуаныш Эргашбай болды.

Добавить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Обязательные поля помечены *