Еңбек сіңірген спортшылар мен Олимпиада жүлдегерлерін Алматыда ордендермен марапатталды

Алматыда ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстандағы Олимпиадалық қозғалыстың 30 жылдық мерейтойы өтті.

Арнайы іс-шара аясында өткен 30 жыл ішінде Қазақстан Республикасында олимпиадалық қозғалыстың дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлер мен спорт қайраткерлеріне, көрнекті спортшылар мен жаттықтырушыларға құрмет көрсетілді.

Олимпиадалық даярлау орталығының басшылығы Серік Жарасбаев пен Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов ҚР ҰОК жоғары наградасы Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің орденімен марапатталды.

Сондай-ақ, Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина (жеңіл атлетика), күміс медаль иегерлері Сергей Филимонов (ауыр атлетика), Елена Хрусталева (биатлон), қола жүлдегерлер Дмитрий Карпов (жеңіл атлетика), Дариға Шакимова (бокс) және басқа да спорт қайраткерлері ҚР ҰОК әр түрлі дәрежелі құрмет белгілеріне ие болды.

Добавить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Обязательные поля помечены *