ХХХI Бүкіләлемдік жазғы Универсиада: Олимпиадалық оқу орталығының қылышкерлері қола медаль жеңіп алды

Чэнду қаласында өтіп жатқан Универсиадада қылыштан семсерлесуден ерлер арасындағы турнирде Қазақстан құрамасы қола жүлдені жеңіп алды.

Қазақстандық семсерлесушілер Назарбаев Саттархан, Жанат Нәбиев және Артем Саркисян семсерлесуден командалық жарыста қола жүлдені жеңіп алды.

Қазіргі уақытта Қазақстанның қоржынында 17 медаль бар: бір алтын, жеті күміс және тоғыз қола.

Естеріңізге сала кетейік, Чэндудегі Универсиадада Қазақстанға жалғыз «алтынды» таэквондодан Рита Бакишева әкелген болатын.

31-ші Бүкіләлемдік жазғы Универсиада Қытайдың Чэнду қаласында 28 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.

Қазақстан атынан 11 спорт түрінен 93 спортшы қатысуда

Добавить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Обязательные поля помечены *