Астанада бокстан жастар арасында Азия чемпионаты басталды
Құрлық біріншілігінде 23 елден келген 500-ге жуық жас спортшы, соның ішінде Алматы Олимпиада ауылының спортшылары Азия чемпионы атағын сарапқа салады.
Азия чемпионатының ашылу салтанатына Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, ASBC Бас хатшысы Али Саламе, ХБА президенті Умар Кремлев және ҚСБ президенті Кеңес Рақышев қатысты.
Жекпе-жек олимпиадалық жүйе бойынша өтеді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 2-3 қарашада анықталады