Тарихи сәт: біздің спортшылар көркем жүзуден әлем чемпионы атанды

Қазақстанның тарихи "алтыны"

Катарда өткен су спортынан Әлем чемпионатында қазақстандық Эдуард Ким мен Наргиза Болатова көркем (синхронды) жүзуден «Техникалық микс-дуэт» бағдарламасы бойынша алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстан - 228.0050 ұпай
Қытай - 223.3166 ұпай
Мексика - 217.5192 ұпай

Көркем жүзу – спортшылар музыканың сүйемелдеуімен суда әртүрлі акробатикалық қозғалыстар мен элементтерді жасайтын спорт түрі. Бұрын «синхронды жүзу» деп аталған спорттың танымалдылығын арттыру мақсатында 2017 жылы «көркем жүзу» деп аталды.

Добавить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Обязательные поля помечены *