Қазақстандық атқыштар Париждегі Олимпиада ойындарының алғашқы медалін жеңіп алды

«ВП-МИКС» аралас жаттығуында Ислам Сәтбаев пен Александра Ле қола жүлдені жеңіп алды.

Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысқан Ислам Сәтбаев пен Александр Ле жұбы 630,1 ұпаймен Германия құрамасын (Анна Янсен, Максимилиан Ульбрих) жеңді.

Ислам мен Александра командасы былтыр Ханчжоуда өткен Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері.

Ле Александра мен Ислам Сәтбаев – Алматы қаласының өкілдері!

Естеріңізге сала кетейік, ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 ​​шілдесі мен 11 тамызы аралығында Парижде (Франция) басталды, оқ атудан әлемнің 82 елінен 500-ден астам ең мықты атқыштар қатысуда!

Алғаш рет Қазақстан құрамасының сапында 9 мықты спортшы бар: оның ішінде оқ атудан 6 атқыш: Ислам Сәтбаев, Ле Александра, Арина Алтухова, Ирина Юнусметова, Никита Чирюкин; стенд ату бойынша: Мария Дмитриенко, Эдуард Ещенко және Әсем Орынбай!

Добавить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Обязательные поля помечены *