Қазіргі бессайыс бойынша Қазақстан құрамасы Хвасонда (Оңтүстік Корея) ерлер мен әйелдер, ұлдар мен қыздар U19 арасында өткен Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетті.
Біздің спортшылардың нәтижелері:
Ересектер:
II орын - Темірхан Сәбденбек
III орын командалық есепте - Ярослава Понер, Анастасия Кочеткова
Ұлдар мен қыздар командалық жарыста:
II орын - Лев Чувашов, Данил Богданов, Алияр Карим
II орын - Аяна Қазбекова, Диана Щедрова, Полина Андреева
III орын - Лев Чувашов (жеке жарыста).
Азия чемпионатына Корея, Қытай, Жапония, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тайвань, Филиппин, Үндістан, Моңғолия, Кувейт, Пәкістан, Индонезия сынды 14 елден 140-тан астам спортшы қатысты.