Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында жүлдегер атанды

Қазақстандық Сайрамкез Ақмолда ауыр атлетикадан Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ақмолда жұлқа көтеруде 126 келі, серпе көтеруде 166 келіні бағындырды. Екі жаттығудың жалпы қорытындысы бойынша ол 292 келіні көрсетіп, екінші орынға шығуға мүмкіндік берді.

КХДР өкілі Ри Вон Джи алтынға қол жеткізді - 317 келі (137+180). Таиландтық Трават Ратфет қоланы еншіледі – 286 келі (128+158).

Айта кетейік, Азия чемпионатында 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін рейтингтік ұпайлар бөлінеді. 34 елден 192 спортшы қатысатын чемпионат 10 ақпанға дейін жалғасады.

Добавить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Обязательные поля помечены *