Қазақстандық синхронистер Тұяқова Ясмин мен Пушкина Арина Ханчжоуда (Қытай) өткен Жазғы Азия ойындарында өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды.
Спортшылардың айтуынша, 418.6987 ұпай жинап, қорытынды есепте үшінші орын алды.
Бірінші орын Қытайдан келген спортшыларға бұйырса(526.8620), ал күміс жүлде Жапониялық спортшылардың қанжығасында (489.4288).
Қазіргі таңда Қазақстан 71 марапатқа ие. Біздің спортшылардың есебінде тоғыз алтын, 19 күміс және 43 қола медаль бар.