Беларусьте өткен ТМД елдерінің ІІ спартакиадасында Қазақстан құрамасы 53 медаль жеңіп алды

2023 жылдың 2-13 тамызы аралығында Беларусьте өткен ТМД елдерінің ІІ Ойындары аяқталды. Қазақстан құрамасы спорттың 12 түрінен өнер көрсетті. «Алматы» ОДО РМҚК спортшылары көркем гимнастика, жүзу, қазіргі бессайыс және жағажай волейболы бойынша өнер көрсетті.

ТМД елдерінің 2 ойынының қорытындысы. Медальдық есепте Қазақстан құрамасы 53 медаль, оның ішінде: 7 алтын, 14 күміс және 32 қола медаль жеңіп алып, жалпы командалық 5-ші орынды иеленді.

11 медальді тікелей «Алматы» ОДО спортшылары жеңіп алды: 2 алтын, 3 күміс және 6 қола. 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде және 100 метрге арқамен жүзуде алтын медаль алған жүзу бөлімінің спортшылары М.Сказобцовті және Е.Поповты ерекше атап өткім келеді. Бұл біздің жігіттердің сөзсіз жетістігі.

Добавить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Обязательные поля помечены *