Тарихта бірінші рет: Дмитрий Панарин бадминтоннан Олимпиада лицензиясының иегері атанды

«Алматы» Олимпиадалық дайындау орталығының спортшысы бадминтоннан олимпиадалық лицензияның иегері атанды

Бадминтоннан Қазақстан құрамасының мүшесі Дмитрий Панарин Парижде өтетін Олимпиада ойындарына лицензия иегері атанды!

25 005 ұпай жинаған Дмитрий Олимпиада рейтингінде 31-орында тұр. Оған қоса, Қазақстан командалық рейтингтің ТОП 25-іне еніп, отандасымызға Парижге жолдама алуға мүмкіндік берді.

Спортшының жетістігі қазақ спорты үшін тарихи болды. Бұған дейін республика өкілдері Олимпиада ойындарында бадминтонның бірде-бір түрінен бақ сынамаған. 24 жастағы Панарин талай рет халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанған. Бадминтоншы 2018 жылы Буэнос-Айресте өткен жасөспірімдер Олимпиадасында да өнер көрсетті. Қазіргі таңда Қазақстанның қоржынында спорттың 13 түрінен 2024 жылғы ойындарға 33 лицензия бар.

 

Еске сала кетейік, Олимпиада-2024 Парижде 26 шілдемен 11 тамызы аралығында өтеді.

Добавить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Обязательные поля помечены *