Казахстан выиграл золото чемпионата мира по тяжелой атлетике

Қазақстандық Никита Әбдірахманов Албанияда өткен ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
102 келіге дейінгі салмақта ол барлығы 369 (жұлқа көтеруде 164, серпе көтеруде 205) келіні бағындырды. Екінші орында грузиялық Саба Адамия – 305 (137+168), ал қола поляк Марчин Циолковскийге – 302 (136+166) бұйырды.
Қазақстан үшін бұл Албаниядағы екінші алтын. Бұған дейін Ерасыл Сәулебеков 73 келі салмақта әлем чемпионы атанған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *