Макаров Андрей Юрьевич РМҚК «Алматы» Олимпиадалық даярлау орталығының» директоры болып тағайындалды

Андрей Юрьевич 1972 жыл 11 Семей қаласын дүниеге келген.Ауыр атлетикадан КСРО спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, төрт дүркін Азия чемпионы, екі дүркін Азия ойындарының чемпионы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 1996 және 2000 жылдардағы Олимпиада ойындарының қатысушысы. Оңтүстік Қазақстан облысының дамуына қосқан үлесі үшін медаль иегері, "Ерен еңбегі үшін"медалінің иегері.

1992 жылдан 1994 жылға дейін Семей қаласында "Қазақстан кәсіподақтары" ДШСҚ БЖСМ ауыр атлетикадан жаттықтырушы болып жұмыс істеді. 1994-1997 жылдары БЖСМ-де жаттықтырушы-оқытушы, 1997-2005 жылдары ОҚО ОРБЖСМ-ге ауысып, ауыр атлетикадан жаттықтырушы-оқытушы болып жұмыс істеді. 2008 жылдан бастап ОҚО директорының орынбасары болып жұмыс істеді, ал 2013 жылдан бастап директор лауазымына ауыстырылды. 2018 жылдан бастап ШҚ ЖСШМ ММ директоры қызметін атқарды. 2020 жылдан бастап АжҰСТ бойынша №14 ШҚ ОРМБЖСМ ММ директоры болып жұмыс істеді.

Добавить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Обязательные поля помечены *