Олимпиадалық даярлау орталығының жүзушілері VIII Халықаралық "Азия балалары" ойындарында жүлдегер атанды

200 метрге шалқалай жүзуден Александр Румынский II орынға иеленді.

Ал 4 х 100 метрлік эстафетада жасөспірімдер III орынды қанжығаға байлады.

Айта кетейік, Ресей Федерациясының Якутск қаласында өтіп жатқан ойында спорттың 24 түрінен 239 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Жарыстар 16 спорт нысанында өтеді. Қазақстаннан «Азия балалары» ойындарына спорттың 19 түрінен 200 спортшы, 54 жаттықтырушы және 6 төреші қатысады.

Добавить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Обязательные поля помечены *