Еліміздің жас спортшылары Якутск қаласында өтетін «Азия балалары» жарысында бақ сынайды. Жалпы Қазақстан 1996 жылдан бастап жазғы, ал 2019 жылдан бастап қысқы халықаралық "Азия балалары" спорттық ойындарына қатысып келеді.
«Алматы» Олимпиадалық даярлау орталығынан 4 спорт түрінен 40 спортшы қатысады: бокс (ерлер/әйелдер), көркем гимнастика, жүзу және құзға өрмелеу.

Естеріңізге сала кетейік, VIII Азия балалары ойындары 2024 жылдың 25 маусымы мен 7 шілдесі аралығында Якутск қаласында өтеді. Ашылу салтанаты 26 маусым күні «Туймаада» стадионында болады. Көрермендерге үш сағаттық бағдарлама ұсынылмақ. Онда алдымен спортшылар делегацияларының шеруі мен қатысушы елдердің тулары, вокалдық және хореографиялық қойылымдар көрсетіледі. Сондай-ақ, танымал әртістер өнерін паш етеді.