ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің дене шынықтыру мен спортқа жауапты басшылары "Алматы" Олимпиадалық даярлау орталығының жұмысымен танысты

23 мамыр күні ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласына жауапты басшылары Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау орталығының жұмысымен танысты.

Келген қонақтар қатарында ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин және Ресей федерациясының, Беларусь республикасының , Иран ислам Республикасының, Өзбекстан, Тәжікстан, Үндістан Респудбликаларының Туризм және спорт министрлері мен өкілдері бар.

"Бүгін Қазақстанда жаңадан салынған спорт нысанын аралап көрдік. Көңілімізден шықты. Бұл орталықта ел спортының дамуына барлық мүмкіндік жасалған екен. Осы жерде жаттыққан спортшылар әлемдік спорт аренасында үлкен жетістіктерге жетіп, ел намысын қолдан бермейді деп сенеміз", - деп пікірімен ҚХР Бас мемлекеттік дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Гао Чжидань бөлісті.

Сондай-ақ іс-шара барысында ҚР Туризм және спорт министрі, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласына жауапты басшылары «Олимпиадалық даярлау орталығының» аумағында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызу рәсіміне қатысты.

Ванкувердегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елена Хрусталева, ӘЧ қола жүлдегері және Азия чемпионы Милад Карими, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, 2000 Олимпиада ойындарының чемпиондары –Ермахан Ибраимов пен Ольга Шишигина, сондай-ақ күміс жүлдегері Ислам Байрамуков, 2021 жылы өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері – Софья Берульцева мен Елдос Сметов келген қонақтарға спорт алаңдарын таныстырып, ерекшеліктерін жеткізді.

Добавить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Обязательные поля помечены *