«Алматы» Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

  • Кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім:
  • «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар немесе бизнес және басқару немесе құқық;
  • «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар немесе бизнес және басқару немесе құқық;

Лауазымдық міндеттері:

  • Қабылданатын шешімдердің кейінгі салдарына, ұйымның мүлкін сақтау мен тиімді пайдалануға, сондай-ақ оның қызметінің әкімшілік-шаруашылық нәтижелеріне жауап бере отырып, ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды; ұйымның саясатын, стратегиясын және оны іске асырудың тетіктерін айқындайды;
  • оқу-жаттығу және тәрбиелік процестерде спорттық-әдістемелік және материалдық-техникалық базаны ұйымдастырады және жетілдіреді; педогогикалық кеңестің жұмысына басшылық жасайды; ұйымның жұмыс жоспарын, спорттық жетілдірудің әртүрлі кезеңдерінде спортшыларды даярлаудың жоспарларын және бағдарламасын бекітеді; барлық құрылымдық бөлімшелердің олардың қызметін жетілдіруге бағытталған өзара тиімді іс-қимылы мен жұмысын ұйымдастырады, сондай-ақ олардың қызметін жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамытуға бағыттайды; жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар, нұсқаушылар және әдіскерлердің біліктілігін арттыруды, спортшыларды дайындау деңгейін және спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру мақсатында дене шынықтыру және спорт саласындағы шет елдің озық тәжірибесін зерделеуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
  • лауазымды тұлғаларға – орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына ұйым қызметінің жекелеген бағыттарын жүргізуді тапсырады; қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру, көтермелеу және жұмыстан шығару туралы шешім қабылдайды, ұйымның құрылымын, штаттық кестесін, ұйым қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді; спортшылардың контингентін қалыптастырады, оқу-жаттығу және оқу-тәрбиелік процестері кезінде спортшылар мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтаудың қажетті жағдайларын жасайды; тиісті саланың уәкілетті органдарына ұйымның әкімшілік-шаруашылық және оқу-жаттығу қызметтерінің есебін ұсынады; ұйымның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, өнім берушілер, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, тапсырыс берушілер мен банктерді қоса алғанда кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісімшарттардың) орындалуын қамтамасыз етеді; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын ұйымдастырады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдауда дербес жауапкершілікте болады.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу_туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білім туралы құжаттардың көшірмелері (қосымшаларымен);

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтар көшірмесі немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын мұрағаттық анықтама;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген «Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)» № 075/е нысаны бойынша анықтама;

7) жеке куәліктің көшірмесі;

8) адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер (кандидат eGov арқылы алады);

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау жарияланған күнінен бастап 2024 жылғы «30» сәуірден бастап 2024 жылғы «14» мамырға дейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүзеге асырылады.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны:Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, онлайн форматында.

Әңгімелесу күні конкурсқа қатысушыларға қосымша хабарланады.

Құжаттар қолма-қол немесе пошта арқылы келесі мекенжайы бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, 314 кабинет.

Толық ақпаратты +7 (7172) 74-02-52, 74-06-55 телефондары бойынша алуға болады.

Добавить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Обязательные поля помечены *